Сабақ: Сауат ашу |
Мектеп : Жалтыр №4 орта мектебі | |||
Күні: 12 мамыр 2017 жыл |
Мұғалімнің аты – жөні: Ниязбаева Ж.А | |||
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: 10 |
Қатыспағандар саны: 0 | ||
Сабақтың тақырыбы: |
Денсаулық-зор байлық. Заттың атын білдіретін сөздер. | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту. 3.5 Мәтінді түрлі формада құрастыру. 3.7 Қатені табу және түзету | |||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | |||
Жетістік критерийлері |
Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді тауып алады. Заттың атын білдіретін сөздерді ажырата аламыз. Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | |||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. | |||
Тілдік құзыреттілік |
Денсаулық | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | ||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз, Достарымызды көргенде Қуана қарсы аламыз Сәлем, сәлем, сәлем!
Топ ережесі
Кім? Не? ойынын ойнау арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
Ой қозғау! «Денсаулық» сөзіне кластер |
Шаттық шеңбері
Видео
кластер | ||
Сабақтың ортасы
|
Оқулықпен жұмыс 1 – жаттығу Өлеңді түсініп оқы. ● Өлең не туралы? ● Осы өлең арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсың? ● Өлеңге ат қой. ● Өлеңнен заттың атын білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қой.
Дәптермен жұмыс 2 – жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сұрақтарды қойып, сөздерді көшіріп жаз.
Зейіндерін шоғырландыру
Топтық жұмыс. 3 – жаттығу Көп нүктенің орнына кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді қойып оқы. ● Жазған сөздеріңе сұрақ қой. |
Оқулық 73 бет
№2 жұмыс дәптері 23-24 бет
Видео
Оқулық 74 бет | ||
Қызықты тапсырма |
Оқы 4 – жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті суреттерді қойып оқы. Жаратының қарбыз Оратының бидай Қазатының картоп Үгетінің жүгері Жұлатының пияз
Сергіту сәті: Шаршадым “Уһ!” дедім, Ренжідім “Туһ!” дедім. Қорықтым “Ой!” дедім, Өкіндім “Аһ!” дедім. Шарасыз “Еһ!” дедім, Таңырқап “О!” дедім. Кейідім “И!” дедім, Біліп ап “Е!” дедім, Қуанып “Ха-ха-ха!” дедім.
5 – жаттығу Жұмбақтың жауабын дәптерге жаз. |
Оқулық 74 бет
Қимыл қозғалыс
№2 жұмыс дәптері 24 бет | ||
Аяқталуы |
Топтық жұмыс «Ойлан, бірік, бөліс» 6 – жаттығу Сурет бойынша әңгімелеп көр
Жеке жұмыс Орны ауысқан әріптерді тауып, сөздерді жаз. Қарнышад – қарындаш Гішрішө – өшіргіш Ламқа – қалам Ерпәдт – дәптер Ғшысыз - сызғыш |
Оқулық 75 бет
| ||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия Себетке жеміс көгөністер салу Жасыл – тақырыпты түсіндім, тапсырмаларды қиналмай орындадым; Сары – тақырыпты жартылай түсіндім, тапсырмалар орындауда қиналдым; Қызыл – тақырыпты түсінбедім, тапсырмаларды орындай алмадым.
|
Себет | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) | ||
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
| ||