Текст
2017 жылғы 14 наурызда, 6А сынып жетекшісі Ж.Сейтжанова «Баланың бас ұстазы- ата-ана» атты оқушылармен бірге
ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында 3-тоқсан қорытындысы жасалып,көктемгі демалыс кезіндегі бала өмірінің қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Сонымен қатар директордың ОТЖ орынбасары А.Серікбаева ата-аналарға жасөспірімдік кезеңінің қиын сәттеріне қатысты бірнеше кеңес берді. Жиналыс соңында оқушылар ата-аналарын әсем ән мен мың бұралған билерімен қуантты.