«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлыстың ұлы күні

24.03.2017

Ұлыстың

ұлы күні

 

   Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

                                                                                   Жарығыңмен шуағыңмен Күн –Ана,

                                                                                   Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

   22-наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Бұл

күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді.

Адамзат бойында қан жүгіріп, тал-теректер бүршік жарады. Қазақтың сайын даласын

Қызыр баба кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның

көк тасы еріп, қасиетті қара жер, қара топырақ бусанады.Ұлыстың ұлы күні

адамдар бір-біріне деген өкпе реніштерін ұмытып өзіне де өзгегег де жақсылық

тілеген. Дастарханның басты асы - Наурыз көже жеті түрлі дәмнен дайындалған.

Наурыз көже - тоқшылық белгісі. Жүректер жылуын таратқан көктемнің бақыт сыйы

Наурыз - көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын Достық мерекесі.

     Осындай ұлы мереке бастауы

Жалтыр №4 орта мектебінде ұйымдастырылды. Башимова Айнаш Қайратқызы басқарып

отырған мектеп ұжымы Наурыз мерекесін ерекше атап өтті.  Мектеп ауласына қазақылықтың нышаны

дәстүріміздің жаңғыруы болып саналатын киіз үй тігіліп, наурыз көже пісіріліп,

ерекше мерекелік көңіл сыйлады. Мерекенің сәні киіз үйді құруға атсалысқан жас

маман Арай Нармандахқа ата-аналар мен ұстаздар ризашылығын білдірді. Тәрбие ісі

жөніндегі орынбасарлары Серикбаева  Ақ-Жұпар Ұзақбайқызы, Кузнецова Елена

Анатольевнаның ұйымдастыруымен «Армысың, әз-Наурыз!» атты концерттік

бағдарламасы көрермендер көңілін бір серпілтіп тастады.                         Көпшілікке ақ батасын

берген Қызыр баба - Серікбай ата мен 

Дүйсен аталар, шашу шашқан Калиаскарова Гульсум әже  мереке көркін аша түсті. Мектеп ұжымы мен

оқушылар ұлттық киім киіп, дәстүрімізді дәріптей білді. Дене шынықтыру пәні

мұғалімдері Серікбаев Самат Амангелдіұлы, Анатолий Николаевич Григораштың  ұлттық ойындарды өте қызықты ұйымдастыруы

ата-аналар, оқушылар белсенділігінен айқын көрінді. Ұлттық ән мен би, сахналық

қойылымдардың тәрбиелік мәні мен мақсаты жоғарғы деңгейде көрініс тапты.

Мектептің кішкентай жұлдыздары Бейсебай Нұрбол, 10-11 сынып  ұлдарының 

попури әндері және Амантай Бахтиярдың қазақ әндерін нақышына келтіріп

орындағаны соншалық, көрермендер көзайымына айналды. 8 «А»-сынып оқушылары

билеген «Балбырауын» биі мерекенің көркін ашты. Сынып жетекшілер Сейтжанова

Жібек Социалқызы, Кабдулина Раушан Кабиденқызы, Мажитова Алтынгүл

Кабиденқызының  мерекелік безендіруі мен

ұйымдастырушылық қабілеттері жас мамандарға үлгі бола білді. Ұлттық

құндылықтарымызды сақтау жолында өз үлесін тарих пәні мұғалімі  Бесимбаева Құралай Канапиновнаның да еңбегін

атамай кетуге болмайды. Мектеп тәлімгерлері Янченко А.М. пен Хисамуддинова З.Р.

ұлттық нақышта жабдықтаулар мен музыкалық құралдардың сапасын басты назарда

ұстай білді.  Ауыл тұрғындары, мереке

қонақтары ақ тіліектерін білдіріп, Наурыз көжеден дәм татып, ақ баталарын

берді. Оқушылар жүзіндегі ризашылықтары пен қуанышы  көпшілік жадында ұзақ сақталары сөзсіз. Адам

бойындағы асыл қасиеттердің бірі рух биіктігі екені баршаға мәлім. Осындай

рухымызды көтеретін айтулы мерекені Жалтыр №4 орта мектебінің ұжымы бере білді

деген пікірдеміз.Ұлттық сана мен отансүйгіштік тәрбиені ұштастыра білген мектеп

ұжымына Наурыз мерекесі құт пен береке, ынтымақ пен ырыс акелетін құт жыл

болғай деп тілеймін!   

 

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Атишева Құралай Сембекқызы

Просмотров: 204


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст