«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«ҚЫЗЫҚТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ» апталығы

17.02.2020

  14 ақпан күні «ҚЫЗЫҚТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ» апталығы аясында ұйымдастырылған 5-11 сынып оқушылары аралығында  Ж.Сейтжанованың жетекшілігімен  «Ұлылардың ұлысы-Абай» атты әдеби –сазды  мектепаралық  кеш өтті.  Кешке Жалтыр №1, №2 мектептерінің  шәкірттері мен ұстаздары шақырылды.

     Әдеби кеш немересінің Абай туралы эссе жазуға қиналып, атасынан көмек сұрау диалогінен басталады. Атасы  осы тақырыптық кешке барсақ, пайдасы зор екендігін айтып, үйлесмді сахналық қойылым кештің сырына тартады.  Әрі қарай  үш мектеп оқушыларынан құрылған «Жидебай», «Семей» топтары аралығында Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығынан «БЛИЦ ТУРНИР» өтті.  Содан кейін, мектеп оқушылары  Митяева Дарья (8Б), Тлеулес Айсұлу(5А), Шахупова Анжелика (9Б) Абай Құнанбаевтың  өлеңдерін  жатқа оқыса, 10А сынып оқушысы  Қайрат Дариға  Абайдың 17  қарасөзін  нақышына келтіріп  айтып берді.  Үш мектептің «Жас ақындар мүшәйрасы»  кештің берекесін арттырды. Жалтыр №4 ОМ  Серікбай Нұржігіт(5А), Жалтыр №2 мектеп ақындары Серікбаев Ернұр, Сәдуақас Рауан, Жалтыр№1 ОМ ақындары- Бондаренко Анастасия (7 сынып), Осипов  Антон (5 сынып) Абайға, ана тіліне арналған жырларынан тарту етіп, көрермен көзайымына ие болды.

         11Б сынып оқушылары Лисунова Виктория мен  Пунтас Виктория Абайдың немере інісі Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»  сұлу әнімен кешті аяқтады. Белсенді оқушылар ұтымды  жауаптары үшін молынан тәттіге кенелді.

Просмотров: 221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст