«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әдемі жазу - өнер» көркем жазу сайысы 1 сынып. Кайроллиева З.С.

/public/files/2020/5/3/030520_183042_krkem-ghazu-sayysy.pptx

«Әдемі жазу - өнер» көркем жазу сайысы


Мақсаты: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға машықтандыру. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Міндеттері:
- Жазу нақтылыққа баулиды;
- Жазу ойды жүйелейді;
- Жазу барысында көптеген идеялар туындайды;
- Бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін аяқтай білу, өзіндік шығармашылығын дамытады.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, шарлар
Түрі: сайыс
Қатысатын сынып: 1 «А» оқушылары
Жүргізуші:
- Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар, оқушылар! Сіздер "Көркем жазу - өнер" сайысын көруге келіп отырсыздар.
Жүргізуші:
Бүгінгі күні сайысқа қатысушылар өздерінің қалай көркем жазатындарын дәлелдейді.
Сайыс 3 - бөлімнен тұрады.  Қатысушылар критерийлер арқылы бағаланады.
1. «Суретті аяқтау, бояу». Бұл бөлімде сайыскерлер суретті аяқтап салып, бояйды.
«Суретті аяқтау, бояу» бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- Суреттің симметриялығы;
- Бояуды дұрыс таңдай білуі;
- Жұмыстың ұқыптылығы.
2. «Сурет бойынша шағын әңгіме жазу» Бұл бөлімде сайыскерлер сурет бойынша әңгімеге ат қойып, шағын әңгіме жазады. 20 минут уақыт беріледі.
«Сурет бойынша шағын әңгіме жазу» бөлімінің критерийлері: (10 ұпай)
- тақырыптың суретке сәйкестігі;
- жоспарының болуы;
- әңгіменің жүйелігі;
- тақырыптың ашылуы;
- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы.

3. «Мәтінді көшіріп жаз» «Домбыра» мәтіні көшіріліп жазылады. 
«Мәтінді көшіріп жаз» бөлімінің критерийлері: (5 ұпай)
- сауаттылығы;
- әріп элементтерін дұрыс қосып жазуы;
- каллиграфия нормасын сақтай отырып жазуы;
- тазалығы.
Жүргізуші:
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау

Жаңартылған күні: 03.05.2020 18:29
Құрылған күні: 03.05.2020 18:31

Текст