«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика,физика және информатика пәндер апталығының ЕСЕБІ 2020- 2021 оқу жылы

       Математика,физика және информатика пәндер апталығының

ЕСЕБІ

2020- 2021 оқу жылы

 

Қаңтар айының 11 – 15 аралығында   мектепте  математика,физика және информатика пәндер апталығы өткізілді. Елімізде болып жатқан жағдайға байланысты іс- шаралар қашықтықтан өткізілді.

11 қаңтар  күні 7-8 сыныптар аралығында физика пәні бойынша викториналық сұрақтар қойылып оқушылардың білімі шыңдалды.

Бұл сайыста бірінші тапсырма оқушыларға жылдам сұрақтар қойылды. Екінші тапсырма физикалық жұмбақтар беріліп жауабын үш тілде анықтау қажет болды. Үшінші тапсырмада логикалық сұрақтар беріліп оқушылар өз жауап нұсқаларын берді.

Мақсаты: Бұл сұрақтар физика пәні және адам өмірімен байланысты болып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Қорытынды: 7 сынып оқушылары белсене қатысып нәтижесінде 21 ұпай жинап 1 орынды иеленді. 8 сынып 19 ұпай жинап екінші орын.

13 қаңтар  күні 5 - 6 сынып аралығында математика пәнінен «Көңілді тапқырлар» интелектуалдық ойыны өтті.

Қорытынды: Ойын барысында 5 және 6 сынып жақсы белсене қатысты. 1 тұрдан 5 сынып 4 балл, 2 тұрдан 7 балл жинады жалпы 11 балл. 6 сынып 1 тұрдан 6 балл, 2 тұрдан 9 балл жинап жалпы 15 балл жинады.

6 сынып 1 орын 5 сынып 2 орынды иеленді. Пән мұғалімі: Абдижалилов Е.К.

14 қаңтар күні 9-10  сыныптар үшін «Математика – ғылымдардың патшасы» атты эссе байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың ой –өрісін, талғамын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту. І орынға 10 сынып, ІІ орынға 9 сынып ие болды.  «Қазақтан шыққан үш мықты математик?» бейнеролик байқауы 7-8 сыныптар аралығында өткізілді. Оқушылар үш қазақтың аты әлемге жайылған математиктер жайлы бейнеролик дайындап, өз білімдерінің шыңын көрсетіп қоймай,  білімдерін одан әрі жетілдіре түсті.

І орынға 8 сынып , ІІ орынға 7 сынып ие болды. Пән мұғалімі: Кабдулина Р.К.

12 қаңтар күні «Ақпараттың өзектілігі, маңызы» тұсаукесер слайд 5-7 сыныптар аралығында өткізілді. Әр сыныптар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып, мынадай нәтижеге ие болды. 7 сынып І орынға,  6  сынып ІІ орынға,  5 сынып ІІІ орынды иеленді.

 

15 қаңтар күні «Менің мамандығым» тақырыбына тұсаукесер (слайд)  сайысы өтті. Бұл іс- шараның мақсаты: оқушыларға мультимедия туралы түсінік алуға, презентациялар құру бағдарламасымен танысуға көмектеседі. Кемеңгер дана  Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан» ,- деген қасиетті сөзі мақсатына жету үшін біздерге зор мүмкіндіктерге жол ашады.

І орынға 10 сынып, ІІ орынға 9 сынып, ІІІ орынға  8 сынып иеленді. Пән мұғалімі: Рашитов Н.Н.

 

 

 

 

 

 

 

                            ӘБ жетекшісі: Кабдулина Р.К.

 

 

 

Жаңартылған күні: 19.01.2021 10:08
Құрылған күні: 19.01.2021 10:08

Текст