«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Химия, биология және география апталығын өткізу туралы есеп

Химия, биология  және география апталығының қорытынды

есебі

2019 – 2020 оқу жылы

Сәуір  айының 13-17 күндер аралығында қашықтықта химия,биологияжәне география пәндер апталығы өткізілді.

Химия пәнінің мұғалімі Абишева Ф.Т.  б апталықта 7- 9 сынып оқушылары  арасында  екі іс- шара өткізді. 7 «А» сынып оқушылары  «Атақты химиктердің еңбегі мен өмірбаяны» атты тақырып бойынша презентация жасады. Оқушылардың  жасаған жұмыстарының  ішінен Сериков Темирланның «мария Складовская – Кюри» атты презентациясын ерекше атап өтуге болады. 8- 9  сынып оқушылары арасында «Химия және косметикалық заттар, бет және тері күтіміне қажетті химиялық заттар» тақырыбы бойынша ауызша журнал ұйымдастырылды. Оқушылар тапсырмаларды орындауға аса жауапкершілікпен қарады. Атап айтсақ , 8 “А» сынып оқушылары Калиева Умит, Сарбалакова Карина, Имантаева Диана, Карипова Диана, Махсут Мөлдір, 9 «А» сыныбынан Тлеулес  Айнұр, Таймасова Лаура және Калиева Сабина. Оқушылар химиялық жолмен жасалған косметика өнімдерінің пайдалы және зиянды жақтары туралы ақпарат жинады. Жасалған жұмыстар арқасында болашақта оқушылар химиялық заттарды пайдалану кезінде олардың зиянды жақтарын ескереді деп ойлаймын.

  Апталық аясында 19 сәуірде қашықтықтан биология пәнінің мұғалімі Рашитов Н.Н.  «Табиғат-біздің ортақ үйіміз» атты онлайн сайыс өткізді. Сайыс барысында оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсете білді. Әрине, сайыс болған соң жеңімпаздарда бар. I жүлделі орынды 9 «А» сынып оқушылары , II жүлделі орынды 10 «А» сынып оқушылары,  III орынды 8 «А» сынып оқушылары иеленді. Іс – шара барысында 10 «А» сынып оқушысы Амангелді Еркебұлан,  9 «А» сынып оқушылары Баймұхан Ерасыл, Таймасова Лаура, Тлеулес Айнұр, 8 «А» сынып оқушысы Калиева Умит  белсенді қатысып, өте жақсы білім деңгейін көрсетті. Іс – шара барысында пікірталас өте тартымды, қызықты өтті. Оқушылардың ғылымға, пәнге деген қызығушылығы арта түсті. Көтеріңкі көңіл күймен уақыт тамамдап онлайн сайыста өз мәресіне жетіп аяқталды.

Искакова Гулдана Бекбулатовна география пәні мұғалімі : 6а сыныпта   « Ең әдемі ел» атты тақырыпта бейнероликтер жасаудан 1орын Таласбек Аружан. 2 орын Митько Рамиль ,3орын Муратбеков Алишер .  «География ғылымының мамандықтармен байланысы» атты 9-10сыныптарда презентациялар әзіреу.  Онда Баймұқанов Ерасыл. Таймасова Лаура, Тлеулес Айнур және Калиева Сабина сияқты оқушылар белсенділік танытты.  «Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтары » атты интерактивті карта жасау 8сыныпта  Калиева Умит  ,Карипова Диана , Имантаева Диана  және  Асанханқызы Ботагөз   сияқты оқушылар белсенділік танытты..

 « Қызықты география » атты онлайн сайыс 7 сыныпта өтті.  Онда 1орын Сериков Темирлан,2орын Қайрат Бауыржан, 3орын Мәжит Әрсен иеленді.Апталық соңында нәтиже шығарылып  апталық барысында белсене қатысып жеңіске жеткен оқушылар марапатталды. Апталық барысында өтілген барлық іс-шаралар әлеуметтік желіге және мектеп сайтына жүктелді.

 

 

 

 

 

ЖМБ  әдістемелік бірлестігі: Кабдулина Р.К.

Жаңартылған күні: 18.04.2020 13:55
Құрылған күні: 28.04.2020 10:05

Текст