Текст
02.05.2023
2023 жылдың 27 сәуірінде «Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалім тәжірибесін дамытудың тиімді құралы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Әдістемелік семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Песоцкая, Ж.Сейтжанова және М.Дюсембаева жүргізіп, әріптестерін іс-әрекеттегі зерттеудің теориялық және практикалық аспектілерімен таныстырды. Мұғалімдер З.Кайраллиева, Д.Шынтемір, Е.Абдижалилов, К.Бесимбаева, М.Медведева, Н.Хижняк педагогтың жетекшілігімен Халықаралық даму жобасы аясында МЖІЖ тәсілін қалай жүзеге асырғандарымен бөлісті. Биылғы оқу жылында мектеп мұғалімдері «Action Research» енгізуді жалғастырды, олар ашық зерттеу сабақтарын өткізді: 2Б сыныбында Г.Максименко жаратылыстану сабағы, 8а сыныбында орыс тілі сабағы А.Башимов, 4А сыныбында қазақ тілі сабағы Шынтемір, 11Б сыныбында физика сабағы Н.Песоцкая, Қазақстан тарихынан 5А сыныбында Г.Искакова, 9Б сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті сабағында М.Дюсембаева. Дөңгелек үстелде мектеп директоры Г.Қыстаубаева ұстаздар жұмысын қорытындылады. Дөңгелек үстел жұмысы барысында әдістемелік кабинет меңгерушісі Қ.Атишева семинар жұмысының жемісті болғанын айтып, қорытындылады. Құралай Сембекқызы аудандық семинарға қатысушылардың барлығына сертификаттар табыстады.
06.04.2023
Cтартовал прием документов для зачисления детей в первый класс. Как отметили в Минпросвещения, документы можно подать через еgov.kz и сделать это нужно до 1 августа. Заявки принимаются с понедельника по пятницу за исключением выходных и праздничных дней. Также учитывая, что 1-2 апреля выпали на выходные, все поступившие заявки будут отработаны сегодня, 3 апреля. Какие нужны документы:
17.03.2023
Бүгін Жалтыр ауылының N°3 ЖОББМ-де атты салтанатты жиын өтті.Кешке 1-11 сынып оқушылары қатысты.Ке барысында оқушылар өлең оқып,Хижняк Дарья ән шырқады
17.03.2023
Астрахан ауданының мәдениет үйінде өткен аудандық "Дәстүрлі ән-мәдени мұра"байқауына Жалтыр ауылының N°3 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы Хижняк Дарья қатысып,мектеп намысын аудандық деңгейде қорғады.Байқау нәтижесінде сертификатпен марапатталды.Оқушымызға мектебіміздің мерейін үстем еткені үшін алғыс білдіреміз.
17.03.2023
Жалтыр ауылдық кітапханасында жергілікті ақын Досымов Серікбай атамен кездесу кеші ұйымдастырылды.Біздің мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.Кеш барысын ақын өзінің жыр шумақтарын оқып,қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
17.03.2023
13.03.2023 во 2Б классе прошёл классный час, посвящённый весеннему празднику «Наурыз мейрамы». Цель :расширение знаний о казахских традициях, особенностях и обычаях, национальных играх культуре. Классный руководитель показала презентацию об истории происхождения этого праздника, национальных играх, в группах ребята в форме «Собери пазлы» познакомились с национальными блюдами казахского народа. Провели обряд «Шашу».Время прошло интересно и познавательно.
07.03.2023
Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогының бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру. «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр ауылы, көшесі Жеңіс 1 A мемлекеттік білім беру ұйымының педагогының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды: Орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Тіл туралы» Заңдарын. Қазақстан Республикасындағы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын, санитария мен гигиена негіздерін, даму психологиясы мен педагогикасын, әдістемелік құжаттарды айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мектепке дейінгі тәрбие туралы, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, санитарлық ережелер. Жалақы сағат санына, еңбек өтіліне және санатына байланысты. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы. Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсыныстары, т.б.). Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелері жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылады. Конкурс өтетін күні: 2023 жылдың 20 наурыз. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр ауылы, Жеңіс көшесі 1 А Анықтама телефоны: 8(71641)21535, e-mail: zhaltur4@mail.ru
06.03.2023
Республикалық байқаудың аудандық кезеңінде ІІ орын алғаны үшін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Калиеева Үкіжан Тұрсынбайқызы марапатталды.Жас маманға шығармашылық табыс тілейміз!!!
06.03.2023
Жалтыр ауылының N°3 ЖОББМ-де 8 -наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өтті.Кеш барысында оқушылар Ана туралы ән айтып,би биледі.Мектеп оқушылары мерекелік кешке белсенді қатысып,өздерінің тыңғылықты дайындық жасағанын көрсетті.Кеш өте жоғары деңгейде өтті.
06.03.2023
Шығармашылық апталығының жұмыс жоспары