Текст
28.02.2023
2022 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп 1. Жалпы ережелер 1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыр ауылының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі " КММ-сі. Заңды мекенжайы: Жалтыр ауылы, Жеңіс 1 а, көшесі. 2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: «Жалтыр ауылының № 3 ЖОББМ» КММ – де 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі ; 2022 жылы барлығы 47 мемлекеттік қызмет көрсетілген; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0; электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 14; қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 33. Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. 3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»; «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау». "Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" 2. Қызмет алушылармен жұмыс: 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету орнында ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат. Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген. 3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). 2022 жылы мектеп сайты, әлеуметтік желілердегі беттер, ата-аналар жиналыстары арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді. 2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді, мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарын өту үшін өтінім берілді. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат. 2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ. 5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. 2023 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Мектеп директоры Г.Кыстаубаева Орынд. Б.Магзумова Тел.8 -716 – 41-21- 767
27.02.2023
В рамках недели НВТП в нашей школе среди учащихся 11-го класса была проведена ярмарка презентаций "Тактика -наука побеждать",учащиеся подготовили ,и защитили свои презентационные проекты по НВТП
27.02.2023
В рамках недели НВТП с учащимися 9-11-х классов была проведена беседа с демонстрацией видеоролика на тему "Военным- быть почётно"
27.02.2023
В рамках недели НВТП с учащимися 10-11 классов была проведена интеллектуально -практическая викторина "Смекалка - главное оружие ",учащиеся проявили смекалку и практические навыки полученные на занятиях .
27.02.2023
Жалтыр ауылының N°3 ЖОББМ-де 1-наурыз Алғыс айту күніне арналған бірыңғай ашық сынып сағаттары өтілді.
21.02.2023
Мектеп аумағын мұз бен қардан тазарту жұмыстары
21.02.2023
В 4 «Б» классе был проведен классный час «Афганистан. Живая память» Цель: расширить знания учащихся о войне в Афганистане, познакомить учащихся с героями афганской войны; воспитывать уважение к подвигу воинов – интернационалистов После посещения школьного музея ребятам захотелось узнать больше сведений о войне в Афганистане. Уже более осознанно посмотрели презентацию. Подробно рассмотрели причины войны, последствия, цифры погибших солдат и получивших ранения. Поработали над понятиями «Воин-интернационалист» и «Живая память». Ребята сами сделали вывод о том, что значат эти слова: Живы те, кто воевал в Афганистане. Живая потому, что память о погибших свято хранят их товарищи по оружию, их семьи и близкие. И память эта будет жива, пока мы об этом помним,об этом говорим.
21.02.2023
1 наурыз Алғыс күніне арналған іс-шаралардың жоспары
21.02.2023
20.02 күні 8 "А" және 10 "А" сыныптарымен бірге *"Жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Өскелең жас ұрпақты адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Оқушыларға парасататтылық, адалдық, әділдік, сенім, «ар-ұждан» ғылымы құндылықтарын барынша насихаттау. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін сыбайлас жемқорлықты болдырмау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру.
20.02.2023
Сегодня 20 февраля в 1Б классе был классный час: «Все профессии важны, все профессии нужны». Цель: Развитие познавательного интереса миру профессий. Задачи: Познакомить с понятием «профессия», расширить знания детей о многообразии мира профессий. Актуализировать знания о разных профессиях. Формировать интерес к профессиям.