Ұйымдар тізімі
25.02.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3 ЖОББМ» КММ-де 09.-20.02.2026 жыл күндері аралығында математика, информатика және физика пәндерінен он күндік өтті.
Декада жоспарының аясында 19-шы ақпан күні «IT – болашақ кілті» атты
10-11 сыныптарға арналған зияткерлік-практикалық турнирінің өтті.
Мақсаты:
Оқушылардың IT саласындағы білімін тексеру, алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту және болашақ мамандыққа бағыттау.
1. Турнирдің барысы мен кезеңдері
Турнир аясында қатысушылар екі топқа бөлінді: AI (Жасанды интеллект) және DIGITAL (Цифрлық технологиялар). Іс-шара төрт негізгі кезеңнен тұрды:
2. Мамандықтарға бағыттау
Турнир барысында оқушыларға қазіргі таңдағы сұранысқа ие IT мамандықтары (Data Scientist, AI Engineer, Cloud Architect, Mobile Developer) туралы ақпарат беріліп, кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.
3. Қорытынды
Турнир соңында оқушылар «Мен IT саласында кім болғым келеді?» тақырыбында рефлексия жасап, алған әсерлерімен бөлісті. Сайыс соңында қатысушылардың ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топтар анықталды, 1-ші орын 120 ұпаймен 11А сыныбы, 2-ші орын 100 ұпаймен 10А сыныбы оқушылары иеленді. Іс-шара жоспарға сай жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың бағдарламалауға және жаңа технологияларға деген қызығушылығының артқаны байқалды.

