Сәрсенбі, 9 ақпан күні, сағат 16.00-де қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.Сейтжанованың ұйымдастыруымен 5Б сыныптың екі тобы арасында «Ойлы болсаң, озып көр!» атты интеллектуалды сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сайыс 6 бөлімнен тұрды:
1. Таныстыру екі топ өздерін таныстырады
2. «Кім жүйрік?» кестеден берілген сөздерді тауып, бояңдар.
3. «Ұшқыр ой» сұрақтарға жауап бер
4. «Сөз құрастыру» берілген сөзден бірнеше сөздер құрыңдар
5. «Бұл кім? Ол туралы не білеміз?» бейне сұрақтар
6. «Ребусты шеш»
Зияткерлік додаға «Бүркіттер» мен «Жеңіс» тобы түсті. Оқушылар өз білімдерін жан-жақты көрсетуге тырысты. Сайыс өте қызықты және күрделі болды. Нәтижесінде 34/41 болып «Бүркіттер» тобы жеңімпаз атанды.