14 сәуір күні, 11А сыныпта ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ аясында «БІЗ ЕСІРТКІ, НАРКОТИККЕ ҚАРСЫМЫЗ!» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Есірткі заттарының, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік берілді. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүруге, нашақорлықтың алдын алуға дайындау. Жеке тұлғаның санасын дамытып, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру болып табылды.
1. Іс -шара Ж.Сейтжанованың кіріспе сөзінен басталды. 2.Оқушылар «Нашақорлық ғасыр дерті» атты шағын мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда есірткі қолдану сәнге айналып, кеңінен етек алып кеткені туралы мәселені қозғады. 3.«Ситуациялық жағдаятты» талдау. 4.V.«Көкпар тарту» Мақал - мәтел жарысы. 5. Қорытынды. Сынып оқушылары тамаша талқыға түсіп, сөздерін ӨМІР, СПОРТ таңдайтынымен түйіндеді.