2016-2017 оқу
жылғы Жалтыр №4 орта мектебінде
«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның
өтілуі туралы ақпарат
Жалтыр №4 орта мектебінде 2 сәуірден
бастап, Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампанияның
іс-шаралар жоспары негізінде мектепішілік жоспар
құрылып әкімшілік тарапынан бекітілді. Ата-аналар мен оқушылар үшін
тақырыпттық стендтерді ресімделіп, 4 сәуір
күні барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Тәлімгерлердің
жетекшілігімен 5 сәуір күні «Ғаламтор және біз!» атты тақырыптық
жиын өткізілді.Мектеп кітапханашысы «Интернет деген не?» кітап көрмесін
ұйымдастырып, оқушылар интернеттің пайдасы мен бірге зияны туралы мағлұмат алды.
Бастауыш сынып оқушыларына, ғаламторды күнделікті өмірде қалай қолдануға және оның денсаулыққа
қандай кері әсерін тигізуде екенін түсіндірді. Компьютерде отырғанда қандай қауіпсіз ережелерді сақтану керек екенін атап,мониторалдында, отыру уақыт кестесімен таныстырды.
Информатика пәні мұғалімі Рашитов Н.Н. «Ғаламтордың
пайдасы мен зияны»деген тақырыбына сыныптарға бейнеролик көрсетіп, «Ғаламтор деген не?» және ғаламторды қолданғанда аса мұқият болуға шақырды. Ғаламтордың пайдасы өте көп, бірақ сонымен қоса өмірге қауіп төндіретін сайттардың, өте көп мөлшерде болуын айтты.Мектеп психологі Балабекова С.М. 5-11 сынып оқушыларына «Ғаламтор менің өмірімде» тақырыбында сауалнама жүргізіп, сараптама жасады.
«Интернетте қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етіледі»,«Ата-аналар
үшін жадынама», «Қауіпсіз интернет», «Желідегі қарым-қатынас этикасы»
тақырыптық кітапшаларды, жадынамаларды, ақпараттық парақшаларды басып шығарылып таратылды.
Тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары: А.Серикбаева
Е.Кузнецова