«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылдың 27 сәуірінде «Іс-әрекеттегі зерттеу мұғалім тәжірибесін дамытудың тиімді құралы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Әдістемелік семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Песоцкая, Ж.Сейтжанова және М.Дюсембаева жүргізіп, әріптестерін іс-әрекеттегі зерттеудің теориялық және практикалық аспектілерімен таныстырды. Мұғалімдер З.Кайраллиева, Д.Шынтемір, Е.Абдижалилов, К.Бесимбаева, М.Медведева, Н.Хижняк педагогтың жетекшілігімен Халықаралық даму жобасы аясында МЖІЖ тәсілін қалай жүзеге асырғандарымен бөлісті. Биылғы оқу жылында мектеп мұғалімдері «Action Research» енгізуді жалғастырды, олар ашық зерттеу сабақтарын өткізді: 2Б сыныбында Г.Максименко жаратылыстану сабағы, 8а сыныбында орыс тілі сабағы А.Башимов, 4А сыныбында қазақ тілі сабағы Шынтемір, 11Б сыныбында физика сабағы Н.Песоцкая, Қазақстан тарихынан 5А сыныбында Г.Искакова, 9Б сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті сабағында М.Дюсембаева. Дөңгелек үстелде мектеп директоры Г.Қыстаубаева ұстаздар жұмысын қорытындылады. Дөңгелек үстел жұмысы барысында әдістемелік кабинет меңгерушісі Қ.Атишева семинар жұмысының жемісті болғанын айтып, қорытындылады. Құралай Сембекқызы аудандық семинарға қатысушылардың барлығына сертификаттар табыстады.

02.05.2023
Просмотров: 155


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст