Текст
Ұйымдар тізімі
17.03.2026
Наурыз мерекесіне орай сыныпта «Наурыз – береке мен бірлік мерекесі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Наурыз мерекесінің маңызы мен мәнін түсіндіру, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, оқушыларды бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар Наурыз мерекесі туралы мәлімет айтып, тақпақтар оқып, ұлттық дәстүрлер туралы таныстырды. Сонымен қатар, мерекеге байланысты ойындар ойналып, оқушылар белсенділік танытты.
Сабақ соңында оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, мерекелік көңіл күймен тарқасты. Наурыз мерекесі балаларға ерекше әсер қалдырды.

