«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Жалтыр ауылының № 3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 3 села Жалтыр отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024 жылғы 7 ақпан күні "Ақмола облысы Білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыр ауылының № 3 жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кыстаубаева Гульжан Нурсагитовна 7 сыныпта «Ақбидай» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтайды және септеулік шылаулардың қызметін біледі, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады. Сабақ «Досына тілек» психологиялық ахуалдан басталды. Қойылған сұрақтар арқылы оқушылар «Музыка. Қазақтың киелі домбырасы» тақырыпты қайталады. «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында ой қозғау сұрақтарына жауап берді. Жаңа сөздермен танысып, сөйлем құрастырды және сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін қайталады. Сабақтың ортасында мұғалім оқушыларға «Ақ бидай» мәтінді оқыды, ал оқушылар тыңдалған мәтінді қойылған сұрақтар арқылы талдады. Мәтіннің мазмұнын бекіту үшін, мұғалім оқушыларға бес тест сұрақтарды ұсынды. Келесі зерттеу жұмысы кезеңінде оқушылар ғаламтордан «Ақ бидай» ертегіні тыңдайды және оқулықтан мұғалім оқыған мәтінмен салыстырады, айырмашылы ғын табады. Оқушылар бейнеролик арқылы септеулік шылау ережесімен танысып, тест сұрақтарына жауап береді. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдалды: -Саған қай тапсырманы орындауға ұнады,неліктен? -Сен өз білімін көрсете алдың ба? -Бүгінгі сабақтан өзіне қандай ақпарат алдың? -Алған ақпаратын болашақта қажет болады деп ойлайсың ба?

12.02.2024
Просмотров: 2746


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст